Толығымен қағаз нұсқасынан оқыңыздар
n Түйткiл
Мектепке бөлiнген қаржылар жөндеу жұмыстарына жетпей ме?

«Заңсыз ақша жинатқаны үшiн мектеп директорларына қатаң шара көрiледi». Бұл cала басшылары мен билiк өкiлдерiнiң ескертпелерi. Себебi мұндай мәселе тек Шымкентте емес, өзге өңiрлерде де орын алып келген жай. Әрбiр оқу жылының соңында бұл жағдай ата-аналардың наразылығын тудырады. ҚР «Бiлiм беру туралы» Заңына сәйкес, елiмiздегi бiлiм ордаларындағы материалдық-техникалық базаны ретке келтiруге, сыныптарда жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және басқа да шаруашылық қажеттiлiктерi үшiн тиiстi қаржы бюджеттен бөлiнедi. Алайда, әр оқу жылының соңында мектептердегi қаржы жинау мәселесi тыйылмай отыр.
n Елдестiрмек — елшiден
Еуроодақ елшiлерiн қабылдады

Кеше облыс әкiмi Асқар Мырзахметов облысымызға екi күндiк ресми сапармен келген Қазақстандағы Еуроодақ өкiлдiгiнiң басшысы Аурелия Бушездi, Латвияның елшiсi Юрис Маклаковстi, Польша елшiсi Яцек Ключковскийдi, Словакия елшiсi Любомир Регакты, Финляндия елшiсi Микко Тапани Киннуненды, Ұлыбритания елшiсi Дэвид Моранды және Швеция мен Болгария елшiлiктерiнiң өкiлдерiн қабылдады.
n Аттестация
Құқық қорғаушылар сынаққа сақадай сай
Ендi санаулы күндерден кейiн басталатын құқық қорғау органдарындағы аттестаттау жұмыстарына дайындық қызу жүрiп жатыр. Бұл, әрине, осы салада бұрын-соңды болмаған өте ауқымды әрi маңызды iс-шара. Оның маңыздылығы сол, осынау жауапты сынақтан iрiктелiп өткен әрбiр қызметкер әрi қарай өз саласының кәсiби маманы болып қана қоймай, елiмiздегi құқық қорғау жүйесi жұмысының жандануына, жаңаша сипат алып ел алдындағы абыройын асқақтатуға үлес қосады.
n Жазылған жайдың жаңғырығы
Заңсыз жарнамалар жойылды
Заңсыз, ретсiз орналасқан жарнамалардың Шымкент шаһарының шырайына көлеңке түсiрiп тұрғанына қала әкiмдiгi ұйымдастырған рейдтер кезiнде журналистер қауымы бiрнеше рет куә болған. Қала әкiмдiгi жанынан құрылған жұмыс тобы бұған дейiн жарнама иелерiне ескерту жасаумен шектелiп келсе, бұл жолы билбордтар мен ретсiз жарнамаларды демонтаж жасау жұмыстары басталды.
n Семинар
Тiркелiм жайы талқыланды
Кеше облыс әкiмдiгiнде елiмiздегi нысандарды тiркеуге алу мен оларды мекенжай тiзiмiне ендiруге арналған бiркүндiк көшпелi семинар-мәжiлiсi өттi. Жиынға елiмiздiң Мәдениет және ақпарат, Көлiк және коммуникация, Әдiлет, министрлiктерi бiрқатар агенттiктерiнiң өкiлдерi мен облыс әкiмдiгiнiң, жылжымайтын мүлiк орталықтарының және өзге өңiрлердiң де салаға жауапты мамандары қатысты.
n Баспасөз мәслихаты
Егiстiң ерекшелiгi көп
Халық “Көктемнiң әр күнi жылға азық” дейдi. Диқанның ертеңгi еңбегiнiң ақталуы, табар табысы, алар жемiсi бүгiнгi көктемгi дала жұмыстарынан басталатыны анық. Оңтүстiк өңiрiнде осы маңызды науқан қалай жүргiзiлуде? Бұл жөнiнде облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Берiк Оспанов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбеков баспасөз мәслихатын өткiздi.
n Назардағы нысан
Жұмысына қарай жалақысы
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансқұрлықтық магистраль жобасы Елбасының жаңа Жiбек жолын жасау жөнiндегi тапсырмасына сай 2005-2007 жылдар аралығында басталып, рұқсат қағаздар мен түрлi құжаттары дайындалған болатын. Дегенмен, жақында осы транзиттiк дәлiздiң ОҚО бөлiгiндегi жұмыс орындарында бiраз қиындықтар мен даулы мәселелер орын алғаны белгiлi.
n Мәселе
Жазғы демалысқа — 100 миллион

Санаулы күндерден соң бiлiм ордаларында соңғы қоңырау соғылып, кезектi оқу жылы қорытындыланады. Мектеп бiтiрушi түлектер үлкен өмiрге қадам басып жатқанда, өзге оқушылар сыныптан-сыныпқа көшiп, жазғы демалысқа шығады. Сағындырып келген жазғы демалыс өңiрiмiзде қалай ұйымдастырылмақ? Балалар қайда демалады?
Былтыр 23 лагерь жұмыс iстеп, 16 мыңға жуық жеткiншек демалады деп күтiлген.
n
НӘУБЕТ ЗАМАН
кезiнде 2,5 миллион адам опат болды
n
Тау алыстаған сайын биiктейдi
(Сейiтжан Құртаев туралы толғаныс)
ТАҒЫЛЫМДЫ ҒҰМЫР

Адамзат қауымы тек қана ұлылар мен данышпандардан тұрмайды, сол кемеңгерлер мен кемелдердi көрiп, танып, бағалай алатын қарапайым адамдарымен де өмiр қымбат. Осындайда өзiнiң сан алуан табиғи әрi рухани да мәдени болмыс-бiтiмiмен ерекшеленiп жататын қазақ елiнiң қай түкпiрiнiң де ұрпаққа айтар сыры да, жыры да мол. Соның iшiнде, әсiресе Оңтүстiкте Отырар өңiрi, өзiнiң осындай өзгеше ерекшелiгiмен қазақ өркениетiне өлшеусiз үлес қосып жатқан ғажап аймақ. Оның арғы-бергi тарихына көз жiберсеңiз әлi танылмай, ашылмай жатқан қаншама шежiреге кенелерiңiз хақ. Бұл өңiрдiң ең басты байлығы — адамдары, қарапайым еңбек адамдары. — Менiң бала кезiмнiң қиялымда олардың көбi баяғының батырларындай болып қалып қойған. Бiз соларға карап оқыдық, соларға қарап еңбектендiк, бой түзедiк, жетiлдiк.
n Алыстағы ағайын
Жүрегiнде түркi рухы
Бұл кiсiмен менiң алыс-берiсiм жоқ, етене араласып кеткенiм де шамалы, қос ғасыр өткелiнде бiраз жыл факультет басқарып, бастығым болғаны рас, есiмде ол тек адалдыққа, тазалыққа, ғылымға деген берiлгендiк қасиетiмен, «құрғақ қағазға бос уақытыңды өткiзiп қайтесiң, одан да ғылыммен айналыс, келер ұрпағыңа мәнi бар еңбек қалдыр» деп қамшы басқан өсиетiмен ғана қалыпты.
n Кәсiпкерлiк құпиясы
Түйешi Тоқтар бизнеске қалай келдi?
Тоқтардың тұлпары
Бiз «түйешi Тоқтар» деп бекер айтып отырған жоқпыз. О баста ол қой бақты, түйе өсiрдi. Малшы өмiрiнiң бейнетiн бiр кiсiдей-ақ тартты. Әлi де көрiп келедi. Тек ендi малшы ретiнде емес, мал иесi, шаруа қожалығының төрағасы түрiнде. Айырмасы жер мен көктей. Сол айырмашылықтың құны қандай екенiн шолаққорғандық азамат Тоқтар Тәжiбаев жақсы бiледi. Бұл құнның ерiнбей еңбектенуден, аянбай тер төгуден тұратынын, қашаннан ата-баба қанымен дарыған малсақтық, шаруагерлiк, ұсынақтылық арқылы келетiнiн түйсiне сезiнедi.
n
СПОРТ
